17 ел FIS Grand Prix әлем Кубогінің Алматыдағы кезеңіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 12-13 қыркүйекте «Сұңқар» шаңғы трамплині кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағы трамплиннен шаңғымен секіруден FIS Grand Prix әлем Кубогінің жазғы кезеңдері өтеді.

17 ел FIS Grand Prix әлем Кубогінің Алматыдағы  кезеңіне қатысады

Бұл бәсекеде 17 елдің спортшылары бақ сынайды.

Алматы қаласының Халықаралық спорт жобалары дирекциясынан хабарлағандай, жарыстарға 120-дан астам саңлақтар қатысады. Олар: Корея, Болгария, Финляндия, Словения, Жапония, Ресей, Австрия, Италия, Чехия, Германия, Швейцария, Казахстана, Румыния, АҚШ, Франция, Норвегия және Канада өкілдері. Әйелдер үшін трамплиннің ұзындығы - 106 метр, ал ерлер үшін 140 метр, деп хабарлады sports.kz.