17 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы, халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету тақырыптары қаралады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар байқауы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Құрман Ғалым Полатұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15-00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жаңа «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтеді.


Соңғы жаңалықтар