17 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауып, кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батысы және оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады.

17 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлвар комитеті хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып,, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында желдің ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.