17 қаңтардан бастап Алматыдағы Әуезов ауданы әкімінің есептік кездесулері өтпек

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 17 қаңтардан бастап, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың 7 есептік кездесуі өтеді.
None
None

Кездесуде аудан әкімі Әуезов ауданында болған үлкен өзгерістер мен көптеген істер атқарылғаны туралы мәлімдеп, халықтың көкейінде шешімін таба ала алмай жатқан өзекті мәселелерге үлкен көңіл бөлмек. Аталған жүздесулерге Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық әкімдіктің, басқармалардың өкілдері қатыспақ.

17 қаңтарда Еуразиялық нарық институтында аудан әкімінің алғашқы кездесуі өтпек.

Онда ауланы көріктендіруге, тұрғын үй мәселелері мен коммуналдық шаруашылыққа, халықты электр қуатымен, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз етуі жайындағы қалалық бағдарламалардың орындалуына қатысты және тағы басқа өзекті мәселелер көтеріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар