17 қараша күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қараша күні Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

17 қараша күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.