17 қараша. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
82 жыл бұрын (1940-2018) ғалым, тарихшы-археолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
1963-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық орталығының жетекшісі қызметтерін атқарады. 1991-2010 жылдары - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры қызметін атқарды. 2011-2016 жылдары «Қазақстан археология қоғамы» ҚБ төрағасы; 2016-2017 жылдары Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының міндетін атқарушы, 2017-2018 жылдары Ә.Марғұлан атындағы Археология институты урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақстанның орта ғасырлық тарихын, қала мен дала арасындағы байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. 40-тан аса монография, археологияға байланысты 4 оқу құралы, 4 мектеп оқулығы, 12 альбом және 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып, ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын халықаралық ғылыми комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.
61 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Бекқали Нұрғалиұлы ТОРҒАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы Меркі ауданы Киров атындағы совхозда туған. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын Благовещенск ауылындағы Көк-Қайнар агроном болып бастады. Осы салада біраз жылдар қызмет етті. 1998 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары; 2004-2005 жылдары Жамбыл облысының әкімдігінде жер қатынастары басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2005 -2007 жылдары Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары; 2007 жылдың қаңтарында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2009 жылдың тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі, 2015-2018 жж. Бостандық ауданы әкімі болды. 2018-2021 жж. – Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі.
Қазіргі қызметін 2021 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
54 жыл бұрын (1968) «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары София Серікбайқызы АЙСАҒАЛИЕВА дүниеге келді.
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін математик (1990) мамандығымен, Маастрихт менеджмент мектебін бітірген, экономика магистрі (1999).
Еңбек жолы: Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті (1993-1998); Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің менеджері (01.1998-08.1998); Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бастығы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры (2000-2001); ҚР ЭМ вице-министрі (2001-2002); ҚР Экономика және сауда министрлігінің демпингке қарсы бақылау комитетінің төрағасы (2001-2002); ҚР Кеден бақылау агенттігі төрағасының орынбасары (2002-2003); «Қазақстан кәсіпкерлер форумы қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры (2003-2007); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (05.2007-06.2007); ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2007-2009); ҚР ҚМ Халықаралық қатынастар департаментінің директоры (2009-2010); Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары (2010-2016); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының міндетін атқарушы (2016-2022).
Қазіргі қызметінде - 2022 жылғы қаңтардан бастап.
46 жыл бұрын (1976) Астана қаласының Мемлекеттік архив директоры Мейрам Еркенұлы БЕКТЕМБАЕВдүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу басқармасының бас маманы болды. 2002-2004 жылдары – «Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары. 2004-2006 жылдары – «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның құжаттарды қабылдау мен беру және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары. 2006-2007 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары, кадр және іс жүргізу бөлімінің басшысы. 2007-2008 жылдары – «Химиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару ұлттық орталығы» ҚҚ заң бөлімінің басшысы. 2008-2011 жылдары «ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы» РМҚК-ның «Дипломат Строй Сервис» ЖШС директоры. 2011-2012 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары - ҚР ҚМ «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ вице-президенті. 2013-2014 жылдары «Назарбаев Орталығы» ММ директорының орынбасары.
2014 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары.