17 қарашаға күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 17 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Кazinform.

мұз
Фото: freepik.com

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Қазақстанның барлық аумағында тұман, екпінді жел болжанады.

Еске салайық, синоптиктер бейсенбіде күн райының нашарлауына байланысты 10 өңірде ескерту жариялады.