17 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 17 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Календарь
Фото: Kazinform

Толқын ЗАБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі

1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын және аспирантурасын тәмамдаған. 2010 жылы «Музыка өнері» мамандығы бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Еңбек жолы: 1993-1995 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, 1995 жылдан қазірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокал-педагогика практика пәнінің оқытушысы.

1996 жылы Калининградта өткен «Янтарный соловей», 1998 жылы Алматыда ұйымдастырылған «Әлібек Дінішевтің театры» халықаралық байқауларының лауреаты атанды. Сондай-ақ бірқатар халықаралық эстрада байқауларының жеңімпазы. 2024 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

Сергей ЛИ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы

1973 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург жоғары әскери командалық училищесін құқықтану мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақстан-Ресей халықаралық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1990-1997 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерінде қызмет етті. 1997-1998 жылдары «Қазагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында жетекші заң кеңесшісі, 1998 жылғы қаңтар-шілде айларында «Қазагропромбанк» АҚ Батыс Қазақстан аумақтық басқармасының заң мәселелері жөніндегі маманы, 1998-2001 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалында жетекші заң кеңесшісі болды. 2001-2005 жылдары Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Ақтөбе қаласының адвокаты, 2005-2006 жылдары «JUS» заң агенттігі» ЖШС жобасының жетекшісі, 2006-2007 жылдары ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Ақтөбе» РМК директоры қызметін атқарды.

2007 жылы Ақтөбе облыстық салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2007-2008 жылдары Ақтөбе облыстық салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің, 2008-2009 жылдары Ақтөбе облыстық салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болды. 2009-2010 жылдары Ақтөбе қалалық салық басқармасын, 2010-2012 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментін басқарды.

2012-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2018 жылдары Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы болды. 2019-2022 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры, 2024-2025 жылдары «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы

1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша, 2005 жылы Орталық Азия университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика және бизнес магистрі дәрежесі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімінде санитар болып бастаған. 1997-1999 жж. Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы және тамақтану гигиенасы бөлімдерінің санитар дәрігері, санитариялық-карантиндік пункттің дәрігер-эпидемиологы қызметтерін атқарды.

1999-2000 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитариялық-эпидемиологиялық станциясында жалпы гигиена дәрігері, 2000-2003 жылдары Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жедел бөлімін басқарды. 2004-2006 жылдары аталған Медициналық орталықтың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бастығы болды.

2006-2020 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, 2020 жылы аталған Медициналық орталық басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы тамыздан бастап атқарып келеді.

Михаил ЛОМТАДЗЕ, «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

1975 жылы Грузия Республикасының Тбилиси қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Грузиядағы Еуропалық менеджмент мектебін BBA дәрежесі бойынша, 2002 жылы Гарвард бизнес мектебін MBA дәрежесі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы серіктестерімен бірге өзі құрған GCG Audit консалтингтік компаниясын басқарудан бастады. 2002-2007 жылдары Baring Vostok тікелей инвестициялар қорының инвестициялық жобалар жөніндегі менеджері болды. 2007-2018 жылдары «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы, 2015-2018 жылдары Kaspi.kz АҚ (бұрынғы «Kaspi» АҚ) Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бері Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2018 жылдан бастап басқарма төрағасы.

2021 жылы II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

Әлібек ЖАМАУОВ, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы

1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. С.Демирел атындағы университет пен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары Agip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында кіші кеңесші болды. 2006-2009 жылдары осы компанияда кеңесші және супервайзер қызметтерін атқарды. 2009-2015 жылдары «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері, 2015-2019 жылдары атқарушы директоры болды. 2019-2020 жылдары «PSA» ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы тамыздан бастап атқарып келеді.

Бауржан ТЫНЫСБЕКОВ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетін, 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін, 2020 жылы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінде F-2 басқармасының сарапшысы болып бастаған. 2012-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Төлем операциялары басқармасында қазынашылық сарапшы, 2013-2014 жылдары Республикалық бюджет бойынша есептілік басқармасында қазынашылық сарапшы қызметін атқарды. 2014-2018 жж. аталған комитеттің Ақмола облысы бойынша Еңбекшілдер аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары болды.

2018 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің Мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы, 2018-2019 жылдары Қаржылық мониторинг комитетінің F-2 басқармасының бас сарапшысы болды. 2019-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің Концессиялық жобалар басқармасын басқарды.

2022 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болды. 2022-2023 жылдары аталған департамент басшысының орынбасары, 2023-2024 жылдары комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2024-2025 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.

Ілияс ТӨЛЕСОВ, ҚР Үкіметі Аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі

1988 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Мәскеудегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының сарапшысы, 2014 жылы осы басқарманың бас сарапшысы, 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы болды.

2015-2016 жылдары аталған комитеттің құқықтық қамтамасыз ету басқармасында, 2016 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінде бас консультант, 2018-2019 жылдары өндірістік емес мәселелер, өңірлік даму және заңнаманы жүйелеу мәселелері бойынша үкіметтік актілермен жұмыс істеу секторының меңгерушісі болды. 2019-2020 жылдары Заң бөлімінің бас инспекторы, 2020-2022 жылдары «Kazakhstan Investment Development Fund Management Company» компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды.

2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының қызметін қамтамасыз ету қызметінің көмекшісі болды. 2022 жылғы шілде - 2023 жылғы ақпан аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінде бас инспектор, 2023 жылы ҚР Үкіметі Аппаратының Заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі орынбасары, 2023-2024 жылдары Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы наурыздан бастап атқарып келеді.