17 қазан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 17 қазанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Батыс Қазақстан облысында туған. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Инженер-механик, заңгер-құқықтанушы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Қазіргі қызметінде 2017 жылдың шілдесінен бері.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын (2000) бітірген. 1993-1995 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокал-педагогика практика пәнінің оқытушысы. «Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996), және «Әлібек Дінішевтің театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада конкурстарының лауреаты.

Ресей Федерациясының Санкт-Петербург жоғары әскери командалық училищесін құқықтану мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған, заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: Еңбек жолын банк саласында бастады. «Қазагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының заң кеңесшісі, «Казкоммерцбанк» ААҚ Ақтөбе филиалының заң кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Еңбек-Ақтөбе» РМК директоры болды. Салық қызметі органдарында: Ақтөбе облысының салық комитетінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы қызметін атқарды. Әділет органдарында: Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментін басқарды және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот актілерін орындау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерінде қызмет етті.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік медицина университетін санитария, гигиена, эпидемиология (1997), Орталық Азия университетін қаржы және несие (2005) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған (2018).
Еңбек жолы: «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары (1990-1991); Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы (1997-1999); ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары (1999-2020). ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер (2020-2022).
Қазіргі қызметінде – 2023 жылдың тамыз айынан бастап.