17 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 17 қыркүйекке. арналған күнтізбесін ұсынады.
17 қыркүйек, СӘРСЕНБІ
Америка Құрама Штаттарының Конституция және Азаматтығы күні.
2001 жылы АҚШ Президентінің Жарлығымен 17 қыркүйек АҚШ-тың Конституция және Азаматтығы күні болып жарияланды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 1 жыл бұрын (1993) Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.
29 4 жыл бұрын (1720) Павлодар қаласының негізі қаланды.
1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген.
Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009).
Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминий, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді.
8 4 жыл бұрын (1930) аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады.
10 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джон Ордвэй сенім грамотасын тапсырды.
10 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдел Маугуд Ахмед Махмуд әл-Хабаши сенім грамотасын тапсырды.
7 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы «Каспий, «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
ЕСІМДЕР
9 6 жыл бұрын (1918-1980) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Республикада онкологиялық зерттеулердің негізін салған ғалымдардың бірі НҰҒЫМАНОВ Серік Нұғыманұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1947-1959 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институты акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1960 жылы ашылған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда қатерлі ісіктердің пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін анықтаған. Қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен, осы екі әдістің екеуімен бірдей емдеуді және бұлардың пәрменділігін арттыруды жетілдірген.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
13 4 жыл бұрын (1880-1919) ақын САБАЛҰЛЫ Ақылбек дүниеге келді.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Ахмет Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген.
Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, оқиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. «Таһир - Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссалардың, «Мағшұқнаме» - жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, «Назым», «Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар.
Өлең-жырларының негізгі тақырыбы адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайындағы Сарыой деген жерде.
6 8 жыл бұрын (1946-2013) ірі өндіріс ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қызметкері , Қазақстанның Еңбек Ері ШАЯХМЕТОВ Бағдат Мұхаметұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1969-1990 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» аға шебері, партия бюросының хатшысы, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженері. 1990-1993 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» директоры. 1993-1998 жылдары - «Өскемен титан-магний коминаты» АҚ-ының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» ААҚ-ының президенті. 1997-1998 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының президенті. 1998 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ-ының президенті болып қызмет істеді.
«Құрмет белгісі», Отан ордендерімен, «Еңбек даңқы» үшінші дәрежелі құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.
6 8 жыл бұрын (1946-1996) ақын СӘУІРБАЕВ Өмірбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. 1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден өлең жаза бастап, мектепті де, Шымкент педагогикалық институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, Саттар Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген.
«Сырымды айтам, адамдар», «Ақ дидарың көргенде», «Ардағым», «Өмірсерік» секілді өлеңдер жинағының авторы.
18 2 жыл бұрын (1832-1889) орыстың көрнекті дәрігері, қоғам қайраткері, орыс клиникалық медицинасының негізін салушы БОТКИН Сергей Петрович дүниеге келді.
5 8 жыл бұрын (1956) Қырғызстан Республикасының Президенті АТАМБАЕВ Алмазбек Шаршенұлы дүниеге келді..
11 5 жыл бұрын (1899-1942) қоғам қайраткері, халық ағарту халық комиссары, Қазақстан. өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі МАНАЕВ Нұғман Сәрсенұлы дүниеге келді.
Бөкей ордасының Теңіз уезінде туған. Уфа музыкалық училищесі бітірген. «Восточная печать» баспаханасында әріп теруші, корректор, мұғалім, Бөкей губерниялық кедейлер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1920-1924 жылдары - Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы, губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1924-1926 жылдары - Бөкей губерниялық партия комитетінің меңгерушісі. 1926-1929 жылдары - БКП(б) Ақтөбе округтік комитетінің және Жетісу губкомының жауапты хатшысы. 1929-1930 жылдары - Қазақ Автономиялық КСР халық комиссары. 1931-1933 жылдары - етті мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1933-1934 жылдары Қазақ марксизм-лениним институтында (ҚМЛИ) марксизм-ленинизм классиктерін аудару бюросының меңгерушісі - ұлттық мәдениет секторының ғылыми қызметкері, алқа мүшесі. 1934-1937 жылдары - ҚМЛИ директорының орынбасары - марксизм-ленинизм классиктерін аудару бөлімінің меңгерушісі.
1938 жылғы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Әскери Комиссариатының қаулысымен атылды. 1958 жылы 10 мамырда ақталды. «Ленинизм әліппесі» кітабының авторы.
9 4 жыл бұрын (1922-1979) Анголаның мемлекет қайраткері, Анголаның тұңғыш президенті Агостиньо НЕТО дүниеге келді.
7 5 жыл бұрын (1939) ресей актері және кинорежиссер, сценарист, Ресей халық әртісі МЕНЬШОВ Владимир Валентинович дүниеге келді
70 жыл бұрын (1944) мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі БАЙНАЗАРОВ Ғалым дүниеге келді.
Торғай облысы Жангельдин ауданы туған.1969 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1969-76 жж. - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-85 жж. - Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-87 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-92 жж. - Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-ші орынбасары. 1992-93 жж. - ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы. 1994-95 жж. - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-96 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-98 жж. - «Қазпочтабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-98 жж. - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры. 1998-2002 жж. - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жж. - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-02 жж. - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесіә төрағасының кеңесшісі. 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды.
«Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздігі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.
4 6 жыл бұрын (1968) ҚР Ауыл шаруашылығы министрі МАМЫТБЕКОВ Асылжан Сарыбайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын бітірді. 1998-1999 жылдары - Қостанай облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдары -. Қостанай облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2000 жылдары -. Қостанай облыстық Қаржы департаменті директорының орынбасары. 2000-2003 жылдары -. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы. 2003-2004 жылдары -. Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2004-2006 жылдары -. Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары -. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007-2008 жылдары -. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2008-2011 жылдары -. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы. 2011 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі. «Құрмет» орденімен марапатталған.
4 6 жыл бұрын (1968) ҚР Ұлттық экономика вице-министрі ЖАҚСЫЛЫҚОВ Тимур Мекешұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында туған. 1993 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ «тарих» мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының магистратурасын (Франция) еуропалық зерттеулер облысындағы магистр дәрежесімен тамамдап, 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған. 1997 жылдың желтоқсанынан 1998 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас маман, бөлім бастығы болып еңбек еткен. 1998 жылдың қазанынан 1999 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі. 1999 жылғы сәуір мен 2002 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі лауазымын атқарды. 2002 жылғы наурыздан 2003 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары. 2003 жылғы тамыздан 2005 жылғы қараша аралығында ДСҰ-ға кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің департамент директоры қызметін атқарып, Женева қаласындағы дүниежүзілік сауда ұйымы сұрақтары бойынша өкілдерінің тобына жетекшілік еткен. 2005 жылғы қарашадан 2006 жылғы ақпан аралығында «МТЗО» АҚ атқарушы директоры. 2006 жылдың ақпанынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК директорының міндетін атқарушы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қыркүйекке дейін «Астана тұрақты даму орталығы» ЖШС директоры лауазымында қызмет атқарған. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болды. 2010 жылғы сәуір мен тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы лауазымын атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқармасының төрағасы лауазымында қызмет атқарады. Француз, ағылшын тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 195 қаулысымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымына тағайындалды.Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы тамыздан бері.
4 3 жыл бұрын (1971) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы МАЛЕЛОВ Нұрлыбек Төлебайұлы дүниеге келдіі.
Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді кентінде дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. 1995-1997. «Туран Банк» валюта операцияларының маманы, Арқалық қаласы. 1997-1998. «Банк ТуранАлем» ЖАҚ Несиелендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бастығы, Арқалық қаласы.. 1999-2002. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ бөлім бастығы, Астана қаласы. 2002-2004. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиал директорының орынбасары, Астана қаласы. 2004-2006. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиалының директоры, Алматы қаласы 2006-2007. «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі 2007-2009. «ASTANA CAPIТAL Investment Group» инвестициялық компаниясының директоры, Алматы қаласы. 2009 бастап. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. 2011-2012 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қазаннан бері.