17 қыркүйек күні Қазақстанның кей аймақтарында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 17 қыркүйек күні республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс өңірлерінде жауын-шашын болады, қалған жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз.

17 қыркүйек күні Қазақстанның кей аймақтарында жаңбыр жауады

Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.