17 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 17 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

17 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.30-да «Азия Парк» сауда орталығының тұрағында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі және Эстония Елшілігі, Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында ЕО климаттық дипломатиясы мен #EUBeachCleanup экологиялық науқаны аясында Қарасу өзенін тазалау іс-шарасына қатысуға шақырады.

12.00-де елордалық «Қазанат» ипподромында ат марафонының салтанатты ашылуы мен қатысушы командаларды таныстыру рәсімі өтеді. Шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Парламент депутаттары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.

19.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ФИДЕ әйелдер гран-приінің бірінші кезеңін ашады.

19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында The World of Hans Zimmer концерті көрсетіледі.