17 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

9.00-де Конгресс орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясы өтеді.

9.30-да Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясы өтеді. Шараға Америка, Еуропа, Африка, Орталық Азия, Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Азияның 30 елінің өкілдері қатысады.

10.00-де Экономика үйіндегі Экономикалық зерттеулер институтында «Қазақстанның демографиялық сын-қатерлері: урбанизация» тақырыбында ашық диалог өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елорданы газбен қамту жұмыстары туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ақтөбе облысының әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Тақырыбы: «Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Ғылымды дамыту туралы». Баяндамашы – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Отырыс Мәжілістің сайтында және YouTube желісінде көрсетіледі.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша бірлескен отырысы өтеді.

19.00-де ҚР Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі «Өр Алтай» концерттік бағдарламасын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар