17 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

17 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

 8.00 -де   ЭКСПО конгрес орталығында   «Астана экономикалық форумы-2018» өз жұмысын бастайды.

10.00-де  Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен  АЭФ -2018 панельді сессиясы өтеді.

11.00- де «Риксос» қонақ  үйінде 2халықаралық «Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» форумы ашылады.

12.00-де  Оқушылар сарайында қалалық  мектеп мұғалімдері арасында «ҮЗДІК ПЕДАГОГ  - 2018» республикалық байқауының  қалалық ішкі 3 қорытынды кезеңі өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

14.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхасында «Кинематография туралы» заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жұмыс отырысы өтеді. 

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің отырысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаттары, ҚР министрліктері мен ведомстваларының өкілдері, сондай-ақ шетел сарапшылары қатысады.

АЛМАТЫ

10:00-де   «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2018» форумы  Ramada Almaty Hotel үйінде өтеді.

10:00-де Оқушылар үйінде  "Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «АЙТЫС - СӨЗДІҢ МАЙДАНЫ» өтеді.

11:00-де Өңірлік Коммуникациялар қызметінде ҚР  Орталық  музейі  2017 жылы атқарылған  жұмыс туралы  есеп бермек.

11:00-де   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қолға алынған «Almaty study English project» жобасын талқылау  жүзеге аспақ.

15:00-де  Қазақстан мен Ресей сарапшылары Қазжол қонақүйінде  ЕАЭО шеңберінде  экономикалық  ықпалдастықтың цифрлық шешімдері мен тиімділігі талқыланады.

КӨКШЕТАУ

11:00-де «Ақмола облысында «МЕН ҚАЗАҚПЫН» мега-жобасының іріктеу кезеңін өткізу» тақырыбында брифинг өтеді.

ҚОСТАНАЙ

10:00-де Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған мәдени шара өткізіледі. Жиынға атқарушы билік өкілдері, өлкетанушылар мен тарихшылар қатысады.

АҚТӨБЕ

11:00-де Шығармашылық академиясында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев облыс әкімінің, өңірдегі бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың  өкілдерінің қатысуымен өтетін Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады.

ОРАЛ

16.00-де Х.Бөкеева  атындағы облыстық қазақ драма театрында елорданың 20 жылдығына орай БҚО-дағы Астана күндері аясында "Ақ тілекпен, Астана!" көрмесі ашылады. Басқа да мәдени шаралар өтеді.

ШЫМКЕНТ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Мақтаарал ауданың әкімі Ж. Бейсенбаев ағымдағы жылы Елбасы Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді. Өтетін орны: Әкімшілік іскерлік орталық, 16-қабат.

ҚЫЗЫЛОРДА

11.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан - Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді.