17 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басым аумағымен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн жаңбырлы болады деп күтілуде.

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың солтүстігінде кей жерлерде нөсер құйып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Мемлекетіміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында күн ашық. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Қызылордада шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктер ішінде оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың және шығыстың таулы өзендерінде судың көлемі ауытқиды. Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары орналасқан аумақта ағынның реттелуіне байланысты судың көлемі құбылады. Еліміздің басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.