17 маусымда республиканының солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы ашық болады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік батыс өңірлерінде жел күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.