17 наурызда ауа райы жылы болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Казгидрометтің» болжамынша Қазақстанның басым аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. 

ауа райы
Фото: Pyxabay.com

Тек еліміздің батыс аймағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталуы мүмкін. Жаңбыр мен қар жауу ықтималдығы жоғары. Түнде еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсерлі жаңбыр жауады деп болжанған. 

ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста көктайғақ, шаңды бұрқасын болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар