17 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, ұлттық даму жоспары, жалпыұлттық басымдықтар және мемлекеттік басқарудың концепциясы жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің институционалдық реформалар департаментінің директоры Нұржан Қайырғалиұлы Қосбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де Еуразия ұлттық университеті Халықаралық TURKSOY түркі мәдениеті ұйымымен бірлесіп, «Абай» кітап-альбомын таныстырады.
15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Н. Назарбаев орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған халықаралық фотокөрмелер топтамасын іске қосады.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры, басқарма мүшесі Гүлнара Омарова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.