17 наурызда «Тұмар» Ұлттық телевизия сыйлығының алғашқы лауреаттары белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Тұмар" Ұлттық телевизия сыйлығының алғашқы лауреаттары 17 наурызда белгілі болады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз xатшысы Арсен Бектасов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

17 наурызда «Тұмар» Ұлттық телевизия сыйлығының алғашқы лауреаттары белгілі болады

"Бұрын "Тұмар" алғашқы телевизиялық сыйлықтың басталғаны туралы xабарланған болатын. Қазіргі уақытта өтініштер қабылданып жатыр. Бүгінде республикалық және жергілікті деңгейдегі авторлардан 100-ден астам өтініш түсті. Ертең өтініш қабылдаудың соңғы күні, 17 наурызда қорытындысын шығарамыз", - деді ол.

Айта кетейік, сыйлыққа үміткер авторлардан өтініш қабылдау 12 ақпанда басталған болатын. "Тұмар" сыйлығы 12 аталымда өтеді: үздік деректі фильм, үздік әлеуметтік жоба, үздік ақпараттық бағдарлама, үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама, үздік музыкалық бағдарлама, үздік ток-шоу, үздік телевизиялық сериал, үздік әзіл-сықақ бағдарлама, телевизиялық маусымның үздік оқиғасы, телевизия дамуына қосқан үлесі үшін, үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама, үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама.