17 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген. 1943-1946 жылдары - Қостанай облысы Семиозер аудандық газетінің жауапты хатшысы. 1949-1954 жылдары - «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы. 1952-1954 жылдары - «Үгітші блокноты» журналының редакторы. 1954-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1961-1963 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Қызылорда облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы. 1963-1965 жылдары - Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бөлім меңгерушісі. 1965-1969 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеті редакторының орынбасары. 1969-1973 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институты классиктердің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі. 1973-1987 жылдары - Қазақ телеграф агенттігі директорының орынбасары (қазіргі «ҚазАқпарат» ХАА), директоры. 1987 жылдан Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары «Маржан мен махаббат», «Адам мейірі» жинақтарына енген. Бальзактың «Үзілген үміттер», Стендальдың «Қызыл мен қара», Ю.Бондаревтің «Жағалау», «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы» романдарын, В.Дальдің «Бөкей мен Мәулен», Э.Казакевичтің «Көк дәптер» повестерін қазақ тіліне аударған.
Ж. Ысмағұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтану ғылымдары академиясының академигі болды.
«Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Германияның Веймар қаласында туған. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын, 1998 жылы Мәскеудегі С.Эйзенштейн атындағы режиссерлік курсын («кино өндірісі, мәдени және көпшілікке арналған бағдарламалардың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша), 2000 жылы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтын (қаржы менеджменті) тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1995-2000 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-да актер, продюсер. 2000-2002 жылдары – М.Горький атындағы балалар мен жасөспірімдер фильмдер киностудиясы» директорының орынбасары. 2002-2006 жылдары – «Қазкинопрокат» орталығының Бас директоры. 2006-2007 жылдары – Алматыдағы Республика сарайы директорының орынбасары. 2007-2010 жылдары – «Жастар» сарайының директоры (Астана).2010-2014 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, кинопродюсер. 2009-2014 жылдары – «Бәйтерек» продюсерлік орталығының бас продюсері.2014-2015 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірінші вице-президенті.2015-2016 жылдары – Алғашқы ұлттық «Қазақ Елі» тарихи сериалының бас продюсері. 2017-2019 жылдары – «Республика сарайы» ЖШС директоры, кинопродюсер. 2019-2020 жылдары – «Қазақфильм» киностудиясының директоры. «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «177 ООСПН «Мусульманский батальон» (2011), «Қазақстан полициясына 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» (2017), Бауыржан Момышұлы атындағы (2016) медальдармен, I және II дәрежелі «Қайсар» белгілерімен марапатталған.
Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ). Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен қатар, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен.
1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон). 2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша инфрақұрылымдарды, қаржылық және жеке нарықтарды дамыту департаментінің жобалар үйлестірушісі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты. 2007-2009 жылдары ҚР Үкіметінің және Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады. 2009-2013 жылдары - «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры. «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Қазіргі қызметін 2016 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Жалпы практикалық дәрігер, кәсіптік жоғары білімді заңгер.
Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе қаласындағы «Рамазан» ЖШС менеджері болып бастады. 2004-2006 жылдары – «Тянь Шань Ақтөбе» ЖШС директоры. 2006-2008 жылдар аралығында – Ақтөбе қаласы прокуратурасында прокурор көмекшісі, аға көмекшісі, мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2008-2011 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратында депутат көмекшісі, Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2011-2012 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 2012-2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары. 2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Парламент Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі лауазымында болды.
2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.