17 сәуірде елдің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз - найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман түседі желдің жыдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.