17 сәуірде Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 сәуірде болатын еліміздегі маңызды оқиғаларға шолуын ұсынады.

17 сәуірде Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

Сағат: 10:00 де «Үкімет үйі» ғимаратында Үкіметтің отырысы өтеді

Сағ: 10:00-де Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановтың Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесуі өтеді.

Сағ: 10:30-да ҚР Парламент Сенатында «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын талқылауға арналған Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болады.

10:30. ҚР Ұлттық музейінде «Ғажайып Қытай. Аспан асты елінің тартымды жерлері» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.

14:30. Мәжілістің аграрлық мәселелер бойынша Комитеті мен АШМ тақырыптық мәселе бойынша жиын өткізеді.

14:30. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Ресей Президентінің сайлауы -2018: еуразиялық интеграцияның болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

16:20. Орталық коммникациялар қызметінде балаларға арналған Халықаралық телевизиялық «Burabay Summer Fest» фестивальінің дайындығы жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

11:00. Visit Almaty алаңында Алматы қаласының туризм саласын дамытуға арналған ірі спорттық шаралар бойынша баспасөз мәслихаты болады.

14:00. Н.Тілендиев мемориалдық музейінде #НҰР АҒА #РУХАНИ ҚАЗЫНА #ДАРА ТҰЛҒА атты танымдық кездесу өтеді. Шара С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасының бірлесуімен ұйымдастырылады.

ШЫМКЕНТ

12:00. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Созақ ауданының әкімі С.Полатов ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта Елбасы Жолдаулары аясында атқаратын жоспарлары бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

17.00. Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Сыр сүлейі Омар Шораяқұлының 140 жылдығына орай «Алты алаштың шайыры» атты облыстық жыр кеші өтеді