17 сәуірде республикада жауын-шашынды болып, жел күшеюі күтілуде

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 17 сәуірде республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерімен жауын-шашын болып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

17 сәуірде республикада жауын-шашынды болып, жел күшеюі күтілуде

Елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.