17 шілде күніне жасалған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 17 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл күні циклон жырасының өтуіне байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай болады, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ түседі, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде солтүстікте тұман болады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ болады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.