17 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Astana Hub-та ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы» брифинг өткізеді. Спикер: Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында Астана қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы брифинг өткізеді. Спикер:

11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Кірістерді жалпыға бірдей декларациялау: екінші кезең» атты онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті кезеңнің өтуі» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz

16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібі: «Астана қаласының аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы». www.facebook.com/maslihat.astana.kz


Соңғы жаңалықтар