17 жасар елордалық бойжеткен караокеден қала әкімінің кубогын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мереке күні «Жастар» сарайының сахнасында «Бәрі де ән салады» Астана қаласы әкімінің кубогы чемпионатының финалы өтті. Вокалмен айналысатын 17 жасар қала тұрғыны Әнел Смайылова жеңімпаз атанды. Жарысқа кәсіпқой әншілер де, әуесқойлар да қатысты.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елорда күніне орайластырылған чемпионат Астанада екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа 16-дан 75-ке жасқа дейінгі адамдар қатысты.

- Кастинг 15 мамырда өтті. Оған 250-ден астам адам қатысты. Оның ішінен үш жас санатындағы 60 адам іріктелді: музыкалық білімі бар 16-30 жастағылар, музыкалық білімі жоқ 16-30 жастағылар және 31-ден жасы жоғары адамдар, - дейді караокеден чемпионаттың қоюшы режиссері Бақытжан Таженов.

Бірнеше апта бойы қатысушылар вокалдан кәсіби оқытушылармен жұмыс істеп, шеберлік дәрістеріне қатысты. Байқаудың екінші туры 26 маусымда өтті. Оның қорытындысы бойынша әр топта 15 адамнан 45 адам ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, караокеден чемпионат - республикамызда ниет білдіргендердің барлығы қатыса алатын жалғыз байқау.

Соңғы жаңалықтар