17 жасар елордалық Есіл өзеніне батып кетті

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданындағы Көктал кентінде Есіл өзеніне шомылып жүрген 17 жасар жасөспірім суға батып кетті.

17 жасар елордалық Есіл өзеніне батып кетті

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Баланың денесі бүгін түскі сағат 11.40-та судан табылды, оның денесін алып шығуға ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің 4 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.