17 жасар қыздың денесі судан табылды - Маңғыстау

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Қарақия ауданы,Құрық ауылында суға кеткен 2002 жылы туған жасөспірім қыз бүгін табылды. Құтқарушылар сағат 12:00-ге таман оның денесін судан алып шыққан,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 жасар қыздың денесі судан табылды - Маңғыстау

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Қыздың мәйіті «Ерсай» ЖШС кеме жасау зауытының маңынан табылған. Суға кеткен қыз баланы іздеуге 16 құтқарушы,5 техника және 3 суда жүзу қайық тартылған. Естеріңізге сала кетейік, 5 тамыз күні Құрық ауылында 17 жасар екі қыз бен 16 жастағы жасөспірім суға кеткен болатын.