17 жасар жеткіншек Жайық өзеніне батып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Орал қаласында бейсенбі күні таңертең Жайық өзеніне шомылу кезінде 17 жасар жеткіншек суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Мәйіт үш сағаттан соң ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің көмегімен (3 адам, 1 техника) судан шығарылды.
Ал Семей қаласында 2 қыркүйек күні 17 жасар бойжеткен Ертіс өзеніне суға батып кеткен. Қыздың денесі 5 қыркүйек күні ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің көмегімен (3 адам, 1 техника) шығарылды.