17 жастағы ақмолалықтар әскери есепке алынуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 17-ге толған жастарды әскери есепке алу науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ведомствоның дерегі бойынша, Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарынан бастап 2002 жылы туған 4 мыңнан астам азаматты әскери есепке алу жоспарланған.

Жастары 17-ге толған ұлдар жыл сайын қаңтар-наурыз айлары аралығында жергілікті әскери комиссариаттарға келіп, тіркеліп отырады.

Тіркелу шаралары жергілікті атқарушы органдармен жəне жергілікті әскери басқару органдарымен жүзеге асырылады. Науқан барысында әскерге шақырушылардың саны, олардың жарамдылық деңгейі, дене даярлығы мен білімі анықталады.

Әскери есепке тіркеуге шақырылған азаматтарға екі күн бұрын шақыру қағазы беріледі. Онда көрсетілген құжаттармен әскери комиссариатқа уақытылы бару қажет. Тіркеу шараларының қорытындысы бойынша тіркеу куəлігі беріледі.

Айта кету керек, тіркеу кезінде жастардың ҚР Қорғаныс министрлігінің, жоғары оқу орындарына оқуға түсуі жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтің перспективалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар