17 жастағы құқық қорғаушы қыз Нобель сыйлығын иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 жастағы пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсуфзай Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
2012 жылдың қазанында 15 жастағы Малалаға пәкістандық тәлібтер қастандық жасады. Ауыр жарақаттанған ол дәрігерлердің көмегімен аман қалды.
Өткен жылдың қазанында Малала Юсуфзайға Андрей Сахаровтың «Ой еркіндігі үшін» сыйлығы берілді. Оны жыл сайын Еуропарламент тапсырады.