17 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ сақталады, солтүстік-батыста екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ тұман болжанады.