17 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 17 желтоқсанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. Екі сыныптық Ырғыз орыс-қазақ училищесін, Орынбор қырғыз (қазақ) мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын бітірген.
1917 жылы Алашорда үкіметінің А. Байтұрсынов басшылық еткен Оқу комиссиясына сайланған. Мұғалім, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған. 30-дан астам оқулықтың авторы. «Жаңалық», «Сауаттан», «Колхоз ауылы», «Оқу құралы» (А. Байтұрсыновпен бірге), «Тіл дамыту», «Қазақ тілінің оқу құралы», т.б. латын әрпі, татар, ұйғыр, түрік тілдері жайлы зерттеу еңбектері бар. «Қазақ жер мәселесінің тарихы» (1926) атты Ташкентте басылған кітабында қазақ жерін отарлаудың 200 жылдық тарихы талданған. 1994 жылы Ақтөбеде құрылған Т. Шонанұлы атындағы қайырымдылық қоры ғалым мұрасын іздестірумен, зерттеумен айналысады.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершегір кентінде туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастады. Бас зоотехник лауазымынан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейінгі еңбек жолын өтті. 1994 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2014 жылғы маусым айынан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады. 2014-2019 жылдары – Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары. ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы (2019-2020). Қазіргі қызметін 2020 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді. «Құрмет» (2001), «Парасат» (2006), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2011) ордендермен, мерейтойлар медальдарымен марапатталған.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1993-1995 жылдары – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, облыс әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болған. Қазіргі қызметінде 1998 жылдан. АҚШ-тағы Иллинойс университетінің құрметті профессоры. Қазақстан университеттері Ұлттық спорт одағының президенті, Еуропа мен Азиядағы спорт жоғарғы оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті.

Қостанай облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек қызметі: ҚР СІМ Шарттық-құқықтық басқарма референті, Халықаралық-құқықтық департаменті директорының орынбасары (1998-2004); Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қызметкері (2004-2012); ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры (2012-2018); Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары (2018-2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылғы сәуірден бастап.

Алматы қаласында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2020 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясының магистратурасын бітірген.
1999-2000 жылдары – республикалық арнайы физика-математикалық мектеп-интернаттың олимпиадалық резервті даярлау бойынша математика мұғалімі. 2000-2002 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің референті, атташесі. 2002 жылы – Қазақстан СІМ-нің Инвестиция жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы. 2002-2004 жылдары – Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 2004-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы. 2006-2016 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, осы орталық меңгерушісінің орынбасары. 2016-2017 жылдары Қазақстан СІМ-нің ТМД департаментінің директоры. 2017-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін магистратурасын «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолы: «Қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі (2007-2010 ж.ж.); ҰБТ-ға дайындық бойынша Оқу орталығының директоры (2010-2015 ж.ж); Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «DОSTYK» орталығы(08.2015-08.2016 ж.ж); Қоғаммен байланыс жөніндегі директор, «Education Consulting» ( 08.2016-01.2019 ж.ж); Жобаларды басқару жөніндегі директор, «EduCon» ЖШС (01.2019-08.2021 ж.ж); ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы (08.2021-10.2021 ж.ж).
2021 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды.
ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2019) және басқа да алғыс хаттармен марапатталған.