17 жыл бұрын Н. Назарбаев Ақмола қаласын ел астанасы етіп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 17 жыл жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

17 жыл бұрын Н. Назарбаев Ақмола қаласын  ел астанасы етіп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Күн өткен сайын елордамыз халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтеруде. Еліміздің басты қаласында «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандары құрылды. Бүгінгі таңда Астана халқының саны 835 мыңнан асты.

Астананың жалпы өңірлік өнімі 2013 жылы 2 трлн 700 млрд теңгені құрады. Макроэкономикалық өсім 6,5 пайызға көтерілді.

Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

Тағы бір жетістік, Қазақстан астанасының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге бекітілуі болды. 2014 жылғы сәуірде көрме кешені құрылысы орнында ҚР Президентінің қатысуымен капсула салу салтанатт ы рәсімі өтті. ЭКСПО-2017 кешенінің жалпы аумағы 174 гектарды құрайды. Мұнда 1 млн шаршы метрден астам нысандар тұрғызылады.