170 мыңға жуық қазақстандық бүлдіршін полиомиелитке қарсы қосымша егумен қамтылмай қалды - Денсаулық сақтау министрлігі

СТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша вакцинациялау науқаны аяқталды. Науқанның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, егумен 170 мыңға жуық бала қамтылмай қалды.

170 мыңға жуық қазақстандық бүлдіршін полиомиелитке қарсы қосымша егумен қамтылмай қалды - Денсаулық сақтау министрлігі

Еске салайық, үстіміздегі қыркүйек айының 6-10 күндері аралығында 6 жасқа дейінгі балаларды қосымша бір реттік вакцинациялау республикалық шарасы өткізілген болатын. Науқанның басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, бес күнде Қазақстандағы осы жас аралығындағы барлық 2 миллионға жуық баланы егу жоспарланып отырғандығын айтқан болатын.

Бүгін Министрліктің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының оырнбасары Айжан Есмағамбетова, шара барысында барылығы 1 656 253 бала егілгендігін мәлім етті.

170 мыңға жуық бүлдіршіннің егумен қамтылмай қалғандығын олар, вакцинаны жасауға қарсы көрсеткіштері бар балалардың анықталуымен және олардың сапарға шығып кетуімен байланыстырып отыр.

«Полиомиелитке қарсы қосымша вакцинацияны қабылдап үлгермеген балалар өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша, болмаса балабақшаларда егіле алады»,- деді А.Есмағамбетова.

Оның айтуынша, сатып алынған бельгиялық вакциналар (барлығы 2 миллионнан астам доза) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және ол екі жылға дейін жарамды.