18-20 ақпан күндері ел аумағында бұрқасын соғып, қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат  -    «Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын таратты.
None
None

«Оңтүстік каспий циклоны және оған байланысты атмосфералық ағындар Қазақстан аумағынан кетеді. Осы циклдың ықпалынан республиканың басым бөлігінде қар жауса, оңтүстікте - жаңбыр. Батыс облыстарда арктикалық ағын жүйесімен тағы бір циклон орналасты.  

Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа өткен олар бұрқасын мен қалың қарға ұласады. Желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, температура төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста тау маңындағы және таулы жерлерде демалыс күндері суық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатыны күтілуде», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар