+18: Ирландия құрамасы капитанының аяғы ойын кезінде морт сынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландия құрамасының капитаны Шеймус Коулмен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі барысында Уэльс құрамасына қарсы өткізген кездесуде аяғын сындырып алды. Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.

+18: Ирландия құрамасы капитанының аяғы ойын кезінде морт сынды

Кездесу сенбі күні Дублинде өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталды. Ойынның 69 минутында қонақтардың қорғаушысы Нил Тейлор Коулменді аяғынан шалып қалды. Нәтижесінде ирландиялық футболшы ауып жарақат алды. Бұл әрекеті үшін Тейлор алаңнан қуылса, капитанды дәрігерлер алаңнан зембілмен алып кетті.

Ойын аяқталғаннан кейін Ирландия құрамасының бас бапкері Мартин О'Нил Коулменнің аяғы сынғанын хабарлады.