18 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
9.00-де қалалық №1 ауруханада нейрофизиологиялық-интроперациялық мониторинг құрылғы-жүйесі таныстырылады.
10.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады.
10.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің қатысуымен жиналыс өтеді.
15.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша министр Елжан Біртановтың қатысуымен ведомствоаралық комиссия отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Алматы қаласы мен Алматы облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестіктері 2018 жылды қорытындылайды.
АҚТӨБЕ
9.30-да облыс әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиналыс өтеді.
11.00-де Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасы аясында ұйымдастырылған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің жабылу рәсімі өтеді.
14.30-да облыс әкімдігінің мәжіліс залында 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өтеді.
КӨКШЕТАУ
14.00-де Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Тарих» факультетінің 25 жылдығын тойлау аясында түлектер сыйлаған инновациялық кабинеттің ашылуы өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА
17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысында «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
ШЫМКЕНТ
15.00-де Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет сарайында ҚР Парламенті Мәжілісі депуттарының көшпелі отырысы өтеді. Жиында тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен насихаттау заңнамасы талқыланады.