18 қаңтарға арналған доллар мен рубль бағамы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 18 қаңтарға ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 қаңтарға арналған доллар мен рубль бағамы қандай

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 464, 09 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,77 теңге.
17 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1, 24 теңгеге қымбаттап, 464,10 теңгені құрады. Ресей валютасы 6,79 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 463– 466,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35– 6,65 теңгеге сатып алуға болады.