18 қараша. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қараша күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан) Жәнібек ауданында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірді.
1982-1984 жылдары – Орал облысы, Жәнібек ауданы, Абай атындағы мектеп-интернатының оқытушысы. 1984-1993 жылдары – Жәнібек аудандық, Батыс Қазақстан облыстық комсомол комитеттерінде бөлім меңгерушісі, бірінші хатшы. 1993-1996 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінде аға референт, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1996-1998 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық «Балдырған» балалар қорының атқарушы директоры. 1998-2001 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2001-2004 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары. 2004-2007 жылдары – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының әкімі. 2007-2020 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.
2020 жылғы 15 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Туризм және спорт академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Ол Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қырғызстан Олимпиада қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын медальдарымен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). ШҚО Үржар ауданының құрметті азаматы.

Ол ШҚО Үржар ауданы Благодатное ауылында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. 1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарды. 1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшылық құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды. 1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың маусымынан.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.