18 қарашада «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қараша күні Нұр-Сұлтанда «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы саяси кеңесінің отырысында партия мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 қарашада «Ауыл» партиясының кезектен тыс XVIII съезі өтеді

«Кезектен тыс съезде қандай мәселелерді талқылаймыз? Күн тәртібінде Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну, сайлауалды үгіт-насихат науқанын бекіту, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына жаңа мүшелер сайлау және тағы да басқа мәселелер бар», - дейді партия төрағасы Әли Бектаев.

Еске сала кетсек, партия төрағасы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы идеясын қолдаушылар жылдан жылға көбейіп келе жатқанын айтқан болатын.