18 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

18 қазан. ЖЕКСЕНБІ
Рухани келісім күні. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.
Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Әзербайжан - Азияның батысында Кавказ аймағында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстігінде Иранмен, батысында Армениямен, шығысында Каспий теңізімен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Мемлекеттік тілі - азербайжан тілі. Ақша бірлігі - манат.
Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
8 9 жыл бұрын (1926) Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.
7 6 жыл бұрын (1939) Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрылған. Аудан орталығы - Ұлытау селосы. Аудан жері Сарыарқаның төбелі-қырқалы, аласа таулы (Ұлытау, Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр) батыс бөлігін қамтиды. Аудан құрамына 15 ауылдық округ және 25 елді мекен кіреді.
6 4 жыл бұрын (1951) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Қазақ КСР халық соттарын сайлау туралы ереже бекітілді.
2 3 жыл бұрын (1992) Алматыда рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгрес өтті. Оған дүние жүзіндегі аса ірі діни ағымдардың өкілдері, танымал рухани ілім басшылары, ғалымдар, жазушылар, оқу-ағарту және мәдениет қайраткерлері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, Үндістан, ТМД елдерінен келді.
2 1 жыл бұрын (1994) 18-19 қазан күндері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Түркия) басшылары жоғары дәрежедегі екінші басқосуларына қатысты. Кездесу барысы Стамбул декларациясын қабылдаумен аяқталды.
1 8 жыл бұрын (1997) Алматыдағы 8 март көшесіне Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.
1 1 жыл бұрын (2004) Алматыда «Деректі фильмнен көркем киноға дейін» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Авторы - іскерлік әкімшілік басқарудың докторы, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мақат Садық. Кітап тек кәсіби кинематографистерге ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қазақ мәдениетінің дамуына қызығушылықпен қарайтын бұқаралық оқырмандарға арналған.
8 жыл бұрын (2007) Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан Республикасы Олимпиадалық дайындық орталығы (ОДО) ашылды.
Қазақстанда 3 ОДО жұмыс істейді. Олар - бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан. Талдықорған өзінің трассаларында қазақстандық велоспорт мектебінің ең таңдаулы тәрбиеленушілерін қабылдау құрметіне ие болды. Қала әлемге дарынды веложүйріктер - Бондаренконың, Кухарскийдің, Жарковтың, Кивилевтің арқасында танымал болды.
Алматы облысының орталығында велоспорттан олимпиада базасы орналасуы үшін барлық жағдай бар. Ал облыс басшылығы спорттың бұл түріне жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.
5 жыл бұрын (2010) ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің алты томдық шығармалар жинағаның таныстырылымы болды.
Жинақтың бірінші томында ғалымның көркем туындылары, очерктері және ән-күйлері берілсе, екінші томда - қазақ халқының мәдениеті, өнері, фольклоры мен этнографиясына арналған еңбектері, үшінші томда - «Қазақтың күй өнері» монографиясы, төртінші томда - «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі, бесінші томда - А.Сейдімбектің әр жылдары жазған мақалалары, ал алтыншы томда автордың аударма еңбектері топтастырылған. Осы жинақты жүйелеп, баспаға әзірлеу жұмысына кезінде Ақселеу Сейдімбеков өзі атсалысқан.
5 жыл бұрын (2010) Құтқарушы күні қарсаңында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде журналистер расында жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылды. Құтқарушылардың жұмысын таныстырған электрондық ақпараттық агенттіктердің арасында «ҚазАқпарат» агенттігі үздік деп танылды. Қазылар алқасы жеңісті «ҚазАқпарат» агенттігінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Валентина Елизароваға берді.
4 жыл бұрын (2011) ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан 500 және 50 теңгелік «Айтыс» ескерткіш монеталарын айналысқа шығара бастағанын хабарлады. Бұл «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастыратын монеталардың алтыншы жұбы болып отыр. «Рroоf» сапасымен күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған 50 теңгелік монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. «Рroof» сапалы күміс монетадағы бейне жалтыратып салынған.
4 жыл бұрын (2011) Анкарада «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақтың халық композиторы, белгілі күйші «Дина Нұрпейісова саябағының» ашылу салтанаты болды.
4 жыл бұрын (2011) Санкт-Петербордағы Константиновск сарайында Қазір ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. Қазақстан делегациясын ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов бастап келді. 4 жыл бұрын (2011) Ташкентте ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Жоғарғы сот төрағаларының ҮІ кеңесі өз жұмысын бастады. Аталмыш шараға қатысуға қазақстандық ҚР Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров бастап барды.
2 жыл бұрын (2013) Елбасының тқрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде партияның жаңа атауы бекітілді. Съезде «Нұр Отан» ХДП «Нұр Отан» партиясы болсын деген ұсыныс бір ауыздан қабылданды.
Сондай-ақ съезге партияның жаңа эмблемасын мақұлдады. Жаңа эмблема ХV съездің логотипі негізінде әзірленді.
9 7 жыл бұрын (1918) Чехословак телеграф агенттігі құрылды. 1992 жылғы қазанда 21-індегі парламент заңына сәйкес Чех телеграф агенттігі (ЧТА) болып қайта құрылды.
24 жыл бұрын (1991) КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының соңғы мәжілісі өтті.
ЕСІМДЕР
9 1 жыл бұрын (1924-1979) көрнекті жазушы және аудармашы ДҮЗЕНОВ Мұхамеджан дүниеге келді. Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған.
М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Қазақ радиосында, Абай атындағы опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесші, Қазақ радиосы комитетінің бас редакторы, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуар-редакция алқасының бас редактор қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа беттерінде жарық көре бастаған. «Ақ әже», «Ұзақтың жолы», «Сын Тлектеса» повестерінің, «Әке болғым келеді», «Ант» романдарының авторы.
1967 жылы бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» туындысы екінші бәйге алды. Прозалық шығармалары бірнеше дүркін бүкілодақтық «Советский писатель» баспасында да жарық көрді. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасын, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.
80 жыл бұрын (1935-2004) машина жасау саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор ЯНЦЕН Иван Андреевич дүниеге келді.
Ресейдің Ставрополь өлкесінде туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1959-1968 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының ассистенті, доценті, 1968-1999 жылдары - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
72 өнертабыстың және 1 патенттің авторы.
Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары жол құрылысы машиналарындағы активті гидроимпульстік жүйелердің теориялық негізін жасауға арналған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
5 5 жыл бұрын (1960) танымал әртіс, әрі режиссер ЖАН-КЛОД Ван Дамм (шын ата-тегі - Ван Варенберг) дүниеге келді.
Бельгияда туған. Бала күнінде балетпен шұғылданса, одан кейін каратэмен және кикбоксингпен айналысып, 1980 жылы Еуропа чемпионы атанады. Бір жылдан кейін АҚШ-қа келіп, 1983 жылдан бастап кино саласына бет бұрды. 1986 жылы түсірілген «Берілме де, тайсалма!» киносындағы сомдаған рөлі қалың бұқараны дүр сілкіндірді. Одан кейін шет ел көрермендеріне, оның ішінде, Азия жұртшылығының назарына арнап, шығыс жекпе-жек өнерін паш ететін, 1987 жылы түсірілген «Қанды спорт», 1988 жылы «Қара қыран», «Киборг» және 1989 жылы «Кикбоксер» фильмдерінде ойнады. Сондай-ақ өзі де жекпе-жекке арналған бірқатар шығармалар, басқа режиссерлермен бірлесіп «Екі есе соққы» фильмін түсірді. «Универсальный солдат» (1992), «Трудная мишень» (1993), «Патруль времени» (1994), «Уличный боец» (1994), «Внезапная смерть» (1995), «Максимальный риск» (1996), «Команда двоих» (1997) атты фильмдері оны АҚШ-та жетістікке жеткізді.
8 9 жыл бұрын (1926-1995) сыншы, аудармашы РОВЕНСКИЙ Николай дүниеге келді.
Ресейдің Алтай өлкесінде туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Оның бірнеше сын кітабы жарық көрген. Б.Майлиннің, С.Мұқановтың, Р.Нұрғалиевтің, Ө.Қанахиннің шығармаларын орыс тіліне аударған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
27 4 жыл бұрын (1741-1803) француз жазушысы, хат түрінде жазылған «Қауіпті байланыс» психологиялық романның авторы ЛАКЛО Пьер (Шодерло де Лакло) дүниеге келді.
21 6 жыл бұрын (1799-1868) неміс химигі Кристиан Фридрих ШЁНБЕЙН дүниеге келді.
16 8 жыл бұрын (1847) орыс электротехнигі, электр шамын жасаушы ЛОДЫГИН Александр Николаевичдүниеге келді.
11 4 жыл бұрын (1901-1956) кеңестік композитор, Пятницкий атындағы хордың жетекшісі, КСРО халық әртісі ЗАХАРОВ Владимир Григорьевич дүниеге келді.
8 1 жыл бұрын (1934-2003) кеңестік балалар жазушысы-фантаст Кир БУЛЫЧЁВ (шын аты-жөні - Игорь Всеволодович Можейко) дүниеге келді.
5 6 жыл бұрын (1959) ресей журналисі, тележүргізуші ДОРЕНКО Сергей Леонидович дүниеге келді.
4 2 жыл бұрын (1973) ресей театры мен киносының актері, Ресей халық әртісі БЕЗРУКОВ Сергей Витальевичдүниеге келді.