18 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 18 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Замир САҒЫНОВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
1966 жылы Орал облысының Фурманов ауданында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, құрылыс инженері (1990).
Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы, Фурманов аудандық жол басқармасының бригадирі (1991-1994); Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал өндірістік-жол учаскесінің бас инженері (1994-1997); Орал қаласы, «Оралавтодор» Орал мемлекеттік кәсіпорнының бас маманы (1997-1998); Орал қаласы, «Оралавтодор» мемлекеттік кәсіпорнының жол пайдалану жөніндегі директорының орынбасарының міндетін атқарушы (1998-1999); Орал қаласы, «Қазақавтодор» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас инженері (1999-2000); Орал қаласы, Батыс Қазақстан автомобиль жолдары институтының директоры (2000-2001); Орал қаласы, Батыс Қазақстан автомобиль жолдары аймақтық департаментінің бастығы (2001-2002); Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының әкімі (2002-2004); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің «Қазақавтодор» РМҚК бас директорының орынбасары (2005-2006); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2006); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының орынбасары (2006-2007); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы (2007); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (12.2007-2014); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы (2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі (09.2014-08.2015); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы (2015 жылдың тамызы — 2019 жылдың сәуірі); Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын — Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры (2019–2024); «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры (2024–2026).
Қазіргі қызметін 2026 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
Эдуард ОГАЙ, «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолы: кәсіпкер (1992-1996); «Қазресурстар» АҚ президенті (1996-1997); «Петроказ» ЖШС директоры (1997-2001); «Қазақмыс корпорациясы» АҚ атқарушы директоры (03.2001-02.2005); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (02.2005-01.2006); «Kazakhmys Pls» корпоративтік даму директоры (2006); «Қазақмыс» хоккей клубының президенті (2006), Kazakhmys PLC директорлар кеңесінің мүшесі (2011-2014); «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, мүшесі (2006-2016); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2009); «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (2014 жылдың қарашасы — 2019 жылдың тамызы); «Kazakhmys Copper» АҚ бас директоры (2019 жылдың тамызы — 2020 жылдың маусымы); «Kazakhmys Copper» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2020 жылдың маусымынан бастап).
«Құрмет» (2010), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен марапатталған.
Ерғалым НҰРСӘЛІМҰЛЫ, ҚР СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры
1976 жылы Жамбыл облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1998).
Еңбек жолы: Иточу корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің менеджері (1999-2004); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2004-2005); Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы (2005-2008); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің кеңесшісі (2008-2009); «Сэнко» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (2009-2014); «Сэнко-Ланкастер Силк Роуд Логистикс» бірлескен кәсіпорнының бас директоры (2014-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің кеңесшісі (2016-2017); Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-елші (2017-2021); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары (2021 жылдың қыркүйегі — 2023 жылдың маусымы).
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.
Наталья ДЕМЕНТЬЕВА, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
1980 жылы Көкшетау қаласында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2002); А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін педагогика және психология магистрі мамандығы бойынша бітірген (2010).
Еңбек жолы: Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (2002-2009); Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау «Арна» колледжінде әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары (2009-2010); Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (2010-2016); «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақмола облыстық филиалының редакторы, тележүргізушісі (2008-2016); Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің директоры (2016-2021); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2021-2023); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (2023-2026).
Қазіргі қызметін атқаруға 2026 жылдың қыркүйегінде кіріскен.
«Құрмет» орденімен (2020); «Ерен еңбегі үшін» (2012), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» (2020) медальдарымен; «Мейірім» төсбелгісімен (2020) марапатталған.