18 қазан - ҚР Рухани келісім күні

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 10 қазан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанда 18 қазан күні атап өтілетін Рухани келісім күні мерекесінің 20 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
None
None

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Мир через культуру» халықаралық қауымдастығынан хабарлады.

Баспасөз мәслихатына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, «Рухани Келісім Конгресі» Халықаралық қоғамдық қорының президенті, ҚР Парламент Сенатының депутаты Т.Мұхамеджанов қатысады.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматыда 1-ші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өткен болатын. Бұл күні адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері, дін мәселесі жөнінде ой-пікір таластырып жүрген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстел басында жиналды. Дәл осы күні, 18 қазанда тура бір ғасыр бұрын АҚШ-тың Чикаго қаласында осындай съезд шақыруға талпыныс жасалған, алайда бұл әрекет сәтсіз болды.

Соңғы жаңалықтар