18 қыркүйек күні республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп күтілуде - Қазгидромет

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтерінше, 18 қыркүйек күні республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында

18 қыркүйек күні республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп күтілуде - Қазгидромет

атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен бірге кейбір жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде, республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығының 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстік-батысының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіпсіздігі сақталады.

Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде Шардара су қоймасы ағынды толқындарының таралуы есебінен су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.