18 мамырда найзағай жарқылдап, жауын жауады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет мамандары 18 мамыр, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әлі де ел аумағына өз әсерін сақтайды.
Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Батыста, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысында солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.