18 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

18 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде адами капиталды дамыту жөніндегі II халықаралық форум өтеді.

10.00-де Парламент Сенатының жалпы отырысы басталады. Отырыс трансляциясы Сенат сайтында көрсетіледі.

10.00-де ЭКСПО кешенінде ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық индустриясындағы IT технологияларды дамыту мәселелеріне арналған TRAVELHUB Kazakhstan конференциясы өтеді.

10.00-де Ұлттық музейде «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» тақырыбында қор сақтаушы мамандар үшін симпозиум өтеді.

10.00-де Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасының тұжырымдамасы мен нәтижесі» конференциясы өтеді.

11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасында Астана қаласы полиция департаментінің Анықтау басқармасы «Орташа ауырлықта денсаулыққа қасақана зиян келтіруге байланысты қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері» атты брифинг өткізеді. Спикер: Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Б. Мұсанбеков.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а. Нариман Еламанов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балаларды бірге қорғайық» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан; Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров; Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова; Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова; Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы вейп эпидемиясының проблемалары және шешу жолдары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

16.00-де «Нұр әлем» павильонында AQBÓKEN Saiga tatarica ғылыми-танымдық фотоальбомының ресми тұсаукесері өтеді. Фотоальбомның тұсаукесеріне Парламент депутаттары, министрліктердің өкілдері, ұлттық компаниялардың басшылары, экологтер мен ғалымдар шақырылды.

18.00-де ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі «Халықаралық музей күні» кәсіби мерекесі аясында «Музей түні-2023: Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты мерекелік іс-шарасын өткізеді.

18.00-де Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді.

19.00-де Astana Hub халықаралық технопаркінде Astana Venture Club – періште-инвесторлар қауымдастығының ашылу салтанаты өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.