18 мамырда ел аумағында ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 18 мамырда Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашынсыз.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жыдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.