18 мамырда елдің басым өңірінде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 мамырда Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Өзге аумақтарда жаңбыр күтіледі, оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл, болжанады. Батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

18 мамырда елдің басым өңірінде жаңбыр жауады

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, күндіз батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. Күндіз Алматы облысының таулы аударында, Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында сондай-ақ шаңды дауыл тұрады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында бұршақ, дауыл болады. Түнде солтүстігі, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл, түнде және таңертең шығысында тұман, күндіз батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с екпінде жел болжанады. Желдің күші 23 м/с артуы ықтимал.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батысы, оңтүстігі мен шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жауады.Батысы мен орталығында желдің күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Өңірдің оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.