18 мамырдан бастап қонақ үйлер мен асханалардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірқатар карантин шаралары жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

- қонақ үйлерге

- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне

- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.


Соңғы жаңалықтар